Атырауда коронавируспен ауырған науқастарға арналған оңалту орталықтары ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырауда коронавируспен ауырған науқастарға арналған оңалту орталықтары ашылды

24.08.2020

Келушілерге физиотерапия, массаж, тыныс алу жаттығулары секілді емшаралар жүргізіледі. Игі бастама аудандарда да жүзеге аспақ. Бүгінде дене шынықтыру залдарына ем-домға қажетті жабдықтар əкелінуде. Басты мақсат – қатерлі кеселден айыққан адамдарды оңалту. Орталықтардың арқасында 5 мыңға жуық адамның денсаулығын нығайтып алуына мүмкіндік тумақ. Бұл көрсеткіш болашақта өзгеруі мүмкін. Тұрғындар жергілікті емхана дəрігерлерінің жолдамасы арқылы орталықтың қызметіне ақысыз жүгіне алады.

Нұрлыбек Қабдықапаров, облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы:

- Жеті аудан бойынша орналасқан мектептердің, лицейлердің жанында орналасқан дене шынықтыру спорт залдарынан біздің реабилитолог, психолог мамандарымен қоса медбикелер, облыстық спорт басқармасымен біріккен тренерлер болады.

Жандос Темірғали

Хабарламаларға жазылу