Ақтөбеде емханалар қалыпты режимде жұмыс істеуге көшті
Елдегі эпид-ахуал тұрақталып келеді. Ақтөбедегі емханалар түгелдей қалыпты режимде жұмыс істеуге көшті. Қазірдің өзінде емдеу мекемелеріне келіп жатқан тұрғындар аз емес. Қабылдау барысында санитарлық талап қатаң сақталады. Жоспарлы медициналық тексерілу осы аптада басталды. Сондай-ақ, балаларға екпе жасау қолға алынды. Оларға дәрігер нұсқауымен кестеге сәйкес вакцина салынады.
Шымкентте провизорлық орталықтардағы төсек орындардың 88 пайызы босады. Тіпті өткен тәулікте коронавирусқа шалдыққан бірде-бір науқас тіркелмеген. Қаладағы эпидахуал күннен күнге жақсарып келеді. Дегенмен әлі босаңсуға болмайды дейді мамандар. Айта кетейік, Шымкентте бүгінге дейін 5155 адам ковид инфекциясын жұқтырып, 4330-ы жазылып шықты.
Жақсыбек Кемал
Автор
Жақсыбек Кемал
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Білім сапасы жақсарса, ұлттық бәсеке қабілеті арта түседі»
09.09.2026, 00:42
90 жастағы қария темірден түйін түйеді
08.09.2026, 21:16
Жаңа оқу жылында 57 мектеп ашылды
08.09.2026, 20:15
Енді мұғалімдерге сабақ сағатын ЖИ бөледі
08.09.2026, 20:14
Елдегі эпидемиологиялық ахуал тұрақты
08.09.2026, 20:13
Әлем жаңалықтарына қысқаша шолу
08.09.2026, 20:12
Экономика өсіп келеді: ЖІӨ 70,9 трлн теңгеге жетті
08.09.2026, 20:10
Қазақстандықтар микронесие алуды азайтты
08.09.2026, 20:09