Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен Түркістан облысына барды

20.08.2020
Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен Түркістан облысына барды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мақтаарал ауданына барып, Сардоба су қоймасында болған апаттың салдарын жою жұмыстарымен, зардап шеккен азаматтар үшін салынған тұрғын үйлердің құрылысымен танысып, тұрғындармен кездеседі.

Бұдан кейін Арыс қаласына барады. Онда былтыр жарылыс болған әскери бөлімді қайта қалпына келтіру жұмысымен танысып, тұрғындар үшін жаңадан салынған және жөнделген үйлерді, қайта қалпына келтірілген темір жол вокзалын аралап көреді.

Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді.

Хабарламаларға жазылу