Жаңаөзенде кен орнындағы жарылыстан екі адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жаңаөзенде кен орнындағы жарылыстан екі адам қаза тапты

11.06.2014
Жаңаөзенде кен орнындағы  жарылыстан екі адам қаза тапты
Жаңаөзен қаласынан 25 шақырым жерде орналасқан «Қарамандыбас» кен орнында жарылыс болды. Апат сұйық отын құйылған металл қазандығына GPS қондырғысын орнату барысында болған.
 
Бұрғымен тесіп істелетін жұмыс кезінде қазандықтың ішкі жағынан от тұтанып, 3 тоннаға жуық жанар-жағармай өртеніп кетті.
 
Оқиға орнында 24 және 25 жастағы екі жұмысшы қаза болды. Тағы екі қызметкер жарақат алды. Олардың біреуінің денесін 100 пайыз күйік шалған. Қазір жансақтау бөлімінде жатыр. Екіншісі басынан жараланған.
 
Гүлнәр Ходжабекова, облыстық ТЖД баспасөз хатшысы:
Қазіргі уақытта тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Мұнайгаз, ТЖ бөлімі, ІІБ, прокуратура мен әкімдік қызметкерлерінен құрылған комиссия жұмыс істеп жатыр.
 
Жазира ӘБІЛ

Хабарламаларға жазылу