ОҚО-да төрт адамның өліміне себепкер болған айыпталушы өмір бойы бас бостандығынан айырылды
Облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қандықол қылмыскерге осындай жаза кесті.
Естеріңізге сала кетейік, оқиға ақпан айында болған. Сол күні күдікті өзінің танысының үйіне барып, бірге ішімдік ішеді. Әбден масайған кезде, екеуі бір-бірімен керісіп қалады.
Содан серігінің денесіне бірнеше мәрте пышақ сұққан. Соның салдарынан досы оқиға орнында тіл тартпай кеткен. Қаныпезер мұнымен шектелмей, ас үйден күйеуіне көмекке жүгіріп келген әйелді де пышақтап тастайды.
Бұдан кейін ол ойда-жоқта пәтерге келген жеңгесін де бақилық еткен. Сөйтіп, қалтасынан кілтін алып, оның үйін тонауға барады.
Есікті ашып, ішке кірген уақытта үйде алаңсыз жүрген үй иесін де пышақтап өлтірген. Айта кетейік, айыпталушы бұған дейін де екі рет істі болған екен.
Әбинұр Қарабаев, ОҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы:
Төрт адамды өлтіргені үшін, яғни, қасақана өлтіру бабы бойынша, одан бөлек, қарақшылық жасау және ұрлық жасау бабымен кінәлі деп таптық. Оған өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасын тағайындадық.
Айнұр АҚБАЕВА
Автор
Айнұр Ақбаева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Туған үш ағайынды бір әскери бөлімде борышын өтеуде
02.05.2026, 20:08
Қауіпсіздігі жоғары композиттік газ баллондары өндіріледі
02.05.2026, 20:07
Балық аулауға уақытша тыйым салынды
02.05.2026, 20:05
Нөсер жауыннан өзендер тасып, екі көпірді шайып кетті
02.05.2026, 20:05
Қазақстан ғарышты игерудің жаңа дәуіріне қадам басты
02.05.2026, 20:04
Халықаралық келіссөз: Польшада ұсталған қазақстандық бостандыққа шықты
02.05.2026, 20:02
Қазақ тазысы 2035 жылы әлемдік деңгейде мойындалуы мүмкін
02.05.2026, 20:01
Павлодарда «Бірге еккен бір ағаш» экологиялық акциясы өтті
02.05.2026, 18:49