«Жол картасы» бағдарламасының пайдасы орасан - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Жол картасы» бағдарламасының пайдасы орасан

15.08.2020

Қант пен ұнсыз пісірілетін торт жайлы естіп пе едіңіз?! Елордалық кондитер Жансұлу Ибраева елде тұңғыш рет тек табиғи таза өнімдерден торт жасауды бастады. Сүйікті ісін кәсіп көзіне айналдырған жас «Бизнестің жол картасы» арқылы 3 млн теңге грант жеңіп алған. Кәсіпкер былтыр «Атамекен» палатасының «Бизнес бастау» жобасы арқылы білімін шыңдады. Қазір кондитерлік цехі бар. Аспаз аптасына оннан аса тапсырыс қабылдайды. Торт тек кептірілген жеміс-жидек пен жаңғақтан пісіріледі. Бояғыш заттар мен қоспасыз дайындалатын тәттінің тіпті қант диабетіне шалдыққан адамдарға да зияны жоқ.

Жансұлу Ибраева, Кәсіпкер: 

Аллергиясы бар немесе спортпен шұғылданып, дұрыс тамақтануды жолға қойған адамдар көп тапсырыс береді. Өйткені торт ағзаға артық калория қоспайды. «Бизнестің жол картасы» идеямның қолдау тауып, кәсібімнің өрге бастауына себепші болды.

Ақерке Бектас

Хабарламаларға жазылу