Оралдық дәрігерлер сырқатнама толтыруға кететін уақытты 3 есе үнемдеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оралдық дәрігерлер сырқатнама толтыруға кететін уақытты 3 есе үнемдеді

14.08.2020

Оралдық дәрігерлер науқастардың құжаттарын толтыруға кететін уақытты үш есеге дейін үнемдеуге қол жеткізді. Жұқпалы аурулар ауруханасы осыдан үш апта бұрын «Авицена» атты жаңа жүйені қолдана бастады. Соның арқасында жұмыс жеңілдеді. Бұған дейін ковидпен күресіп жатқан дәрігерлер науқасты тексеру кезінде сырқатнама толтырып, кейін қағазды залалсыздандыру үшін арнайы сұйықтыққа салады, сосын кептіретін еді. Енді мамандар планшетке дауыстайды, хабарлама сол бойда орталық базаға түседі. Инновациялық бағдарлама әзірге еліміз бойынша тек Орал қаласында іске асуда. 

Ерлан Мұқанов, Облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының директоры:  

Ем өзгертін болса, қосымша ем қосылатын болса бірден ауызша айтылған кезде программаға енгізіледі. Бұл дәрігерлердің жұмыстарын да, мейірбикелердің де жұмыстарын жеңілдетеді. Зонаның ішінде бір планшетіміз бар, алдағы уақытта тағы планшеттер алып жұмыстанатын боламыз.


Рауан Диәлі

Хабарламаларға жазылу