Елорда емханалары қалыпты жұмысқа көшті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елорда емханалары қалыпты жұмысқа көшті

13.08.2020

Елордадағы емханалар тұрғындарды жоспарлы кесте бойынша қабылдауды бастады. Сонда да санитария талаптары қатаң сақталады. Пациенттер де қауіпсіздік шараларын барынша ұстануы керек. Себебі коронавирусты жұқтыру қатері сейілген жоқ. Мәрия Сыздықованың омыртқасы ауырады. Қан қысымы да тұрақсыз. Карантин кезінде емханалар жоспарлы жұмысын тоқтатқанда дәрігерден қашықтан кеңес алып жүрген. Енді тікелей қабылдауға келіп отыр.

Мәрия Сыздықова, Нұр-Сұлтан Қаласының Тұрғыны :

Дамумедпен жазылып келдім, кезек жоқ. Талон алып, дәрігерге кірдім. Ал карантин кезінде олар онлайн режимде жұмыс істеген.

Қайнар Құрманов, Нұр-Сұлтан қалалық №9 емхананың дәрігері:

Профильдік бөлімшелер, күндізгі стационар, учаскелік дәрігерлердің бәрі қалыпты жұмысына кірісіп жатыр. 65 жастан асқан науқастарға, сонымен қатар бұрыннан диспансерлік учетта тұратын артериалдық гипертония, қант диабеті сияқты аурулары бар науқастарға ауруханаға келмей, мобильді бригадаларды үйге шақырған жөн болады.

Данияр Қайыртаев

Хабарламаларға жазылу