Білім беру саласы қызметкерлерінің кәсіподағы үндеу жариялады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Білім беру саласы қызметкерлерінің кәсіподағы үндеу жариялады

12.08.2020

Қашықтан жұмыс істейтін мұғалімдердің интернет пен жарыққа кететін шығындарын жұмыс беруші тарап төлеуі тиіс. Салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағы осындай ұсыныс жасап отыр. Өйткені, үйде отырып сабақ беретін ұстаздар күн сайын кемінде 3 сағат компьютерде жұмыс істейді. Сәйкесінше жұмсалатын қуат көзі артады. Оның үстіне жақында «Білім» тарифі қосылады. Осы екеуінің шығынын салалық кәсіподақ заңгерлері есептеп шыққан. Орта есеппен ай сайын бір ұстаздан 1,500 теңге шығады. Ал еңбек кодексінің 138-бабы бойынша қашықтан жұмыс істейтін қызметкерді жұмыс беруші барлық құрал жабдықтармен қамтамасыз етуге міндетті. Сол себептен кәсіподақ осы мәселенің тез арада шешілуін талап етіп отыр.

Айгүл Мұқашева, Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының төрайымы:  

Бұл ұсынысты әрбір өңірге тапсырамыз. Себебі бұл шығындар жергілікті бюджеттен шығады.1-2 күнде береміз. Себебі 20 тамызда білім тарифі енгізіледі. Ұстаздар онымен пайдалана бастайды. Сондықтан қыркүйек айынан уже өтеу керек шығындарды.


Әсима Нұрбайқызы 

Хабарламаларға жазылу