Дағдарыспен күрес бағдарламасына енген кәсіпорындарға мемлекеттен қандай көмек болады? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Дағдарыспен күрес бағдарламасына енген кәсіпорындарға мемлекеттен қандай көмек болады?

12.08.2020

Карантинде кәсібі тұралғандарды келесі жылы да мүлік салығынан босату керек. «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы Үкіметтен осындай көмек сұрап отыр. Бұдан бөлек, жалақы қоры төлемінен босатылатын кәсіпкерлер тізімін кеңейтуді ұсынды.

Карантинде кәсібі тоқтап, шығынға батқандардың бірі – Ақмарал Басирова. Көп балалы ананың клинингтік компаниясы бар. 30 шақты адамды жұмыспен қамтып келген. Қазір тапсырыс жоқ. Қарамағында 5 адам қалған. Енді кәсіпкер «Бизнестің жол картасы» арқылы мемлекеттен қолдау күтеді.  

Ақмарал Басирова, Кәсіпкер:

Көпбалалы, жалғызбасты аналарға жұмыс беріп отырғанбыз.Енді бізде кіші кәсіп болғаннан кейін 3%-дық салықтан босатылдық. Ары қарай білмеймін қалай болатынын, қиын жағдай болып тұр ғой.


Ақерке Бектас

Хабарламаларға жазылу