Алматыда Қалқаман метро бекетінің құрылысы басталды

11.08.2020

Алматыда Қалқаман метро бекетінің құрылысы басталды. Бұл туралы қалалық мобильділік басқармасы басшысының орынбасары Ернұр Әбжахан айтты. Оның сөзінше, "Абай-Яссауи" көшелерінің қиылысынан басталып, Әшімов көшесіне, одан солтүстік бағытқа қарай Қалқаман ықшам ауданына баратын "Қалқаман" станциясы алдағы үш жылда пайдалануға беріледі. Оның ұзындығы 2 жарым шақырымға жуықтайды.

Ернұр Әбжахан, Қалалық мобильдік басқарма басшысының орынбасары:

Бекеттер Алтынсарин даңғылынан бастап, Абай көшесінің бойымен батысқа қарай Момышұлы көшесіне дейін барады. Айта кетейік, метро құрылысына 442 қызметкер мен 66 техника жұмылдырылған.

Қуан Нұрақын 

Хабарламаларға жазылу