Метро құрылысы тоқтамайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Метро құрылысы тоқтамайды

28.10.2019

Метро құрылысы тоқтамайды. «Алматыметроқұрылыс» компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Қайрат Рейімов баспасөз мәжілісінде осылай деді. Естеріңізге сала кетейік, өткен аптада акционерлер арасында дау туып, метро құрылысшылары жұмыс тоқтап қала ма деп ереуілге шыққан еді. Дегенмен кәсіпкер Рейімов аталған жағдайлар құрылысқа ешқандай кедергі келтірмейтінін жеткізді. Оның сөзінше, кәсіпкер Дінмұхамед Ыдырысов құқық қорғау органдарына «Алматыметроқұрылыс» акционерлік қоғамы өзіне тиесілі 80 пайыз акцияны қайтарып бермеді деп шағым түсірген. Қазір бұл іс бойынша қалалық Ішкі істер департаменті тергеу жүргізіп жатыр. Ал жауапты тарап өкілдері арызданушыға акцияның 80 пайызы емес, 39 пайызы тиесілі деп отыр.

Қайрат Рейімов, «Алматыметроқұрылыс» компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы:

Акция деген негізі екі коммерциялық субъектінің келісімімен алынатын нәрсе. Оған мемлекет баға қоймайды. Біз баға қоймаймыз. Ол келісімшартпен алынатын нәрсе. Барлық сөзіміз де, құжаттарымыз да, бір бірімізге жеткізетін нәрсені құқық қорғау органдары арқылы жеткізіп жүрміз. Ол деген коммерциялық компаниялар арасында болмаған нәрсе. Қазір солай болып жатыр.

Нұрхан НҰРЛАНҰЛЫ


Хабарламаларға жазылу