Ресей мен Орта Азияда коронавирус жұқтырғандар көбейді

11.08.2020

Өткен тәулікте Ресейде тағы бес мыңға жуық адам коронавирус жұқтырды. Осылайша, көрші елде науқастар саны 900 мыңға жуықтап, 15100-ден астамы қайтыс болған.

Өзбекстандағы жағдай да мәз емес. Оған көмекке Мәскеу өз мамандарын жібермек. Бұл елде коронавирустан қайтыс болғандар 200-ге жетіп отыр. Ал Қырғызстанда ресми мәлімет бойынша, жұқтырғандар 40 450-ден енді асса да, Премьер-министр Кубатбек Боронбоевтың сөзінше, бұндай пациенттер қатары 4 миллион 200 мыңға жетіп қалды.

Тәжікстанда COVID-19 вирусы 7827 адамнан анықталып, 62-сі жан тәсілім еткен .

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу