Covid-19: Әлемдегі ахуал

11.08.2020

Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны бүгін 20 миллионнан асты. Сол науқастардың жартысынан астамы – АҚШ, Үндістан, Бразилияда.

Дәрігер-мамандардың ойынша, коронавирус диагнозы қойылғандардың нақты саны бұдан әлдейқайда көп болуы мүмкін. Өйткені, тесттен планета тұрғындарының бәрі өтіп жатқан жоқ. Сонымен қатар, жұқтырғандардың 40 пайызы – симптомсыз.

Коронавирус пациенттері 10 миллионға жету үшін жарты жыл қажет болды. Бірақ, бұл сан арада 45 күн өткенде екі есеге өсіп отыр. Қауіпті инфекциядан қайтыс болғандар осы аптада 750 мыңға жетпек.


Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу