Солтүстік Қазақстан облысында күнделікті жедел жәрдемнің көмегіне жүгінетіндердің саны екі есеге азайды. Мысалға, 5-ші шілдеге дейін 700-ден астам қоңырау түссе, қазір 300-дің көлемінде. Және ауруханалардағы төсек орын саны да 2 есе қысқарды. Провизорлық стационардағы 300 орын жабылды. Алайда, кадр тапшылығы әлі байқалуда. Арнайы құрылған мониторингтік топтың мәліметінше, Мамлют және Уалиханов аудандарында реаниматолог, инфекционист, анестезиолог, педиатр және жалпы практикалық дәрігерлер жоқ.
Разия Ахметова, Провизорлық стационардың аға медбикесі:
Әрине, алғашқы кезде қиын болды. Өйкені біздің медициналық бағытымыз басқа еді, сонда да үйреніп кеттік. Алғашында аздап қиындық болғанымен, дәрі-дәрмек пен құрылғылар барлық науқасқа жетті.
Дәуренбек Әбдібек