Шымкентте пәтер тонаумен айналысып келген қылмыстық топ ұсталды
Тәртіп сақшыларының айтуынша, қаскөйлер бір сызбамен жұмыс істеген. Алдымен бақуатты отбасын таңдайды. Сол күні есігін қағып көреді. Үйде ешкім жоқ екеніне көз жеткізген соң, арнайы құралдар арқылы терезеден кіреді. Сөйтіп, алтын бұйымдар мен ақшаны алып кетіп отырған.
Құқық қорғаушылар ұрыларды ұстауға жарты жыл уақыттарын жұмсапты. Қазір 1991 және 1995 жылы туған жасөспірімдер қамауға алынды. Олардан айғақ зат ретінде тоналған алтындар мен ақша және шолақ мылтық тәркіленіп алынды.
Салтанат Қаракөзова, ОҚО ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі:
20-ның 7-і аса ірі көлемдегі ұрлық. Қазіргі таңда күдіктілерге қатысты ҚР ҚК 175-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу амалдары жүргізілуде.
Айнұр АҚБАЕВА
Автор
Айнұр Ақбаева
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыПрезидент Қасым-Жомарт Тоқаев: Әр азамат ел тағдырына өз тағдырындай қарауға тиіс
09.09.2026, 10:18
Өзбекәлі Жәнібековтің 95 жылдығына орай көрме ашылды
09.09.2026, 10:06
Автонесиеге сұраныс төмендеді
09.09.2026, 10:05
Astana Finance Days халықаралық қаржы форумы басталды
09.09.2026, 10:04
Қатерлі ісікті анықтауға ЖИ көмектеседі
09.09.2026, 10:03
Ерлан Қарин мемлекеттік байланыс орталықтарының жұмысын жақсартуды тапсырды
09.09.2026, 10:03
Қазақстан мен Қытай қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықты күшейтеді
09.09.2026, 10:02
Нью-Йоркте Huawei компаниясына қарсы сот процесі басталды
09.09.2026, 10:00