Қазақстанда Абаймен аттас 17 мыңнан астам адам бар

10.08.2020

Қазақстанда Абаймен аттас 17 мыңнан астам адам бар екен. Оның 2100-і Түркістан өңірінде тұрады. Соның бірі теміржолшы Абай Құнанбайұлы болса,. екіншісі жеті жасар жеткіншек. Жетісу өңірінде де Абай Құнанбаев атты шаруа бар. Ол да Ұлы хакімге ұқсап бағып, аздап өлең жазатыны бар. 

Қолын сермеп, жүректен тербеп, «бес дұшпан» мен «бес асыл істі» санап - сарнап тұрған сары бала - Абай Құнанбаев. Туу туралы куәлігі соған дәлел. Атасы - Шыңғыстаудың емес, Түркістанның Құнанбайы. Болмасаң да ұқсап бақ,- деп немересіне ұлы адамның атын қойған сол кісі. Аты-жөнін естіген үлкендер де үнемі ақ батасын береді,- дейді жеті жасар жеткіншек.  

Абай Құнанбаев, 2 сынып оқушысы:  

Өмір жасың ұзақ болсын, Абай атаң сияқты ақын бол, дана бол, көсем бол дейді.  

Гүлжазира Ғалиқызы


Хабарламаларға жазылу