ДДСҰ 200 дана оттегі концентратын жіберді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ДДСҰ 200 дана оттегі концентратын жіберді

09.08.2020

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы елімізге 200 дана оттегі концентратын жіберді. Өкілдіктің хабарлауынша, кеше Алматыға арнайы борт келіп қонған. Қазір медициналық құрылғылар "СҚ-Фармацияға" жеткізіліп, ел аймақтарына сұранысқа сәйкес таратылып жатыр. Кеше қала әкімі мегаполиске 2 мыңға жуық оттегі концентраты келетінін айтқан. Оның мыңнан астамы бюджет есебінен, қалғаны демеушілердің көмегімен сатып алынбақ.

Ал дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қазақстанға медициналық құрылғыларды жеткізу, техникалық сараптамаға қолдау көрсету жалғасатынын айтты.


Хабарламаларға жазылу