Павлодарлық оқушуылар халықаралық олимпиядадан жүлделі болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодарлық оқушуылар халықаралық олимпиядадан жүлделі болды

09.08.2020

Химия пәні бойынша өткізілген Менделеев атындағы 54-ші Халықаралық олимпиадаға қатысқан Қазақстандық 4 оқушы командалық және жекелей есепте қола медальді иеленді. Павлодардағы Назарбаев зияткерлік мектебінің 12-ші сынып оқушысы Қайырбек Хайдар биыл екінші жыл қатарынан ел қоржынына жүлде әкелді. Ол 7 сыныптан бастап химия пәнін тереңдетіп оқумен шұғылданады. Қазіргі уақытта химия сабағынан еліміздегі рейтингі ең жоғары оқушылар қатарында. Айта кету керек, онлайн режимінде өткен бәсекеге әлемнің түкпір-түкпірінен 200-ден аса оқушы қатысты.

Қайырбек Хайдар, Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушысы:

Осы жолғы Менделеев олимпиадасына қатысар алдында әдеби оқулықтардағы деректерді көп зерттедім. Негізгі дайындығым органикалық және физикалық химия бойынша өтті. Әрине өзіме сенімді болдым. Бірақ қашықтан қатысқандықтан ба, онсыз да шектеулі уақытты тиімді пайдалана алмадым. Ендігі жылы қарымтасы қайтарылады деп уәде беремін.


Хабарламаларға жазылу