COVID-19 қарсы қазақстандық вакцина адамға егілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

COVID-19 қарсы қазақстандық вакцина адамға егілді

04.08.2020

Коронавирусқа қарсы отандық вакцина қыркүйектен бастап еріктілерге егіле бастайды. Оны жасаған бес ғалым алғашқы бес дозаны ерікті түрде өздеріне салып көрді. Бақылау оң нәтиже берген. Адам ағзасы аллергиялық реакция бермей, вакцинаны қабылдады.

Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институты наурызда тіркелген алғашқы науқастардан COVID-19-тың тірі штаммын алып, құрамынан вирусты бөліп алған. Бір айда вакцина әзірленіп 15-ші мамырда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы оны тіркеді. Клиникаға дейінгі, яғни жануарларға сынақ жүргізуге рұқсат берген. Нәтижесінде адамның генімен ұқсас приматтардың ағзасында вирусқа төтеп беретін иммунитет қалыптасты.

6-шы шілдеде Денсаулық сақтау министрлігінің зерттеу орталығы клиникаға дейінгі сынақ нәтижесін растап, 26-шы шілдеде бес ғалым отандық вакцинаны қабылдады. Сынақтар 20-шы тамызда аяқталуы тиіс.


Хабарламаларға жазылу