Оралда көпір мерзімінен бір жыл бұрын пайдалануға берілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оралда көпір мерзімінен бір жыл бұрын пайдалануға берілді

03.08.2020

Оралдағы «Омега» көпірі қайта жаңғыртудан кейін пайдалануға берілді. 40 жыл бойы жібі түзу жөндеу көрмеген нысанның құрылысы 2018 жылы қолға алынып, белгіленген мерзімінен бір жыл бұрын аяқталды. Жобаның жалпы құны 5,2 млрд теңге. Қомақты қаржы жер қойнауын пайдаланушы компания есебінен бөлінді. Көпірдің ашылуы шаһардың шет аумағындағы тұрғындарды қуантып отыр. Өйткені олар қаланың орталығына жету үшін енді уақытын екі есеге үнемдейді.

Хабарламаларға жазылу