Салықтық рақымшылық басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Салықтық рақымшылық басталды

15.08.2019

Салық саласындағы өзекті мәселелер тағы талқыға салынды. Мемлекеттік кірістер комитетінің 5 жылдығына арналған конференцияда міндетті мемлекеттік төлемдерді жинауды жетілдіру, кедендегі деклорациялауды электронды форматқа көшіру, жеке және заңды тұлғалардың ескі салығына рақымшылық жасау сияқты мәселелер қатысушылардың назарын ерекше аударды.

Заңды тұлғалардың өсімпұлына рақымшылық жасау жыл басынан, ал жеке тұлғалар үшін кеше басталды. Жылдар бойы жиналған салықтың негізгі қарызын төлесе, өсімпұл автоматты түрде өшеді.

Жандос Дүйсенбиев, ҚР Мемлекеттік кірістер комитеті аудит департаментінің директоры:

Қазіргі таңда 1,4 миллион жеке тұлға соған қатыса алады. Жалпы қарыз суммалары - 14,2 миллиард теңге. Рақымшылықтың негізгі мақсаты - бюджетті толтыру емес, ең негізгі мақсаты жаңағы жеке тұлға, бизнес субъектілеріне көмек беру.

Оңғар АЛПЫСБАЙҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу