Президент Үкіметті карантин шараларын күшейтуге міндеттеді

03.08.2020

Үкімет карантин режимін сақтау жөніндегі шараларды күшейтуге міндетті. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің твиттер парақшасында атқарушы орган өкілдеріне осындай тапсырма берді. Мемлекет басшысы індет бүкіл әлемде өршіп тұрғанына тоқталды. Көз жұмған азаматтардың қазасы қабырғасын қайыстырғанын зор өкінішпен жеткізді

«Денсаулық сақтау министрлігі мен барлық медициналық мекемелердің басты міндеті – өлім-жітім деңгейін ең төменгі шекке дейін түсіру. Үкімет азаматтардың карантин режимін сақтау жөніндегі шараларды күшейтуге міндетті. Онсыз пандемияға қарсы күресте жеңіске жету мүмкін емес»,- деді Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-дегі жазбасында.


Хабарламаларға жазылу