Доллар бағамы 422 теңгеге жуықтады

01.08.2020

Доллар құны шарықтап барады. Қазақстан қор биржасында бір АҚШ долларының құны 422 теңгеге жуықтады. Ал Еуроның ұлттық банк бекіткен ресми бағамы 497 теңге. Экономист мамандар теңгенің құлдырауын әлемді жайлаған коронавируспен байланыстырады. Осы себепті рубльдің құнсызданғаны ұлттық валютаға тағы әсер етті дейді. Айта өтейік, рубльдің доллармен салыстырғандағы позициясы 7,2 пайызға төмендеген. 

Алла Гаврина 

Хабарламаларға жазылу