Ресей дипломаттары Беларуссияда ұсталған 33 ресейлікпен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресей дипломаттары Беларуссияда ұсталған 33 ресейлікпен кездесті

01.08.2020

Беларусь оппозициясы мен осы елде тұтқындалды деген ресейлік жалдамалы әскердің арасында ешқандай байланыс жоқ. «РИА Новости» агенттігінің хабарлауынша, мұны Ресейдің Минскдегі елшілігі мәлімдеді. Агенттіктің дерегінше, Ресей дипломаттары Беларусьте ұсталған 33 ресейлік күдіктімен кездесті. Бұған дейін Беларусь басшылығы президенттікке кандидат Светлана Тихановскаяның жұбайы осы топпен байланыста екенін мәлімдеген еді. 

Арыстан Рысбек 

Хабарламаларға жазылу