«Байтерек» монументінің авторы Ақмырза Рүстембеков дүниеден озды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Байтерек» монументінің авторы Ақмырза Рүстембеков дүниеден озды

30.07.2020
«Байтерек» монументінің авторы Ақмырза Рүстембеков дүниеден озды

29 шілде күні Қазақстанның құрметті сәулетшісі, «Астана-Бәйтерек» монументінің авторы Ақмырза Рүстембеков өмірден озды.

Ақмырза Рүстембеков - Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстанның құрметті сәулетшісі, Шығыс елдерінің Халықаралық сәулет академиясының корреспондент-мүшесі, Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясының құрметті профессоры, Ресей сәулетшілер одағының құрметті мүшесі, Қазақстан дизайнерлер одағының мүшесі.

Рустембеков «Астана-Байтерек» монументінің авторы. Жоба Қазақстанның тұңғыш президенті Назарбаевтың бастамасымен әзірленген болатын. «Астана-Байтерек» нысаны үшін сәулетшіге Халықаралық сәулетшілер қауымдастығының байқауында 2002 жылдың «Үздік құрылыс нысаны» аталымында гран-при мен Алтын медальға ие болды.

«Қазақстан» РТРК» АҚ ұжымы Ақмырза Рүстембековтың жақындары мен туған-туыстарының қайғысына ортақтасып көңіл айтады.


Хабарламаларға жазылу