Карантинде той жасауды тоқтатпаған өңірлер аталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Карантинде той жасауды тоқтатпаған өңірлер аталды

23.07.2020
Карантинде той жасауды тоқтатпаған өңірлер аталды

Коронавирус инфекциясының таралуына қарамастан той жасап жатқан қазақстандықтар бар. Бұл туралы ҚР бас мемлекеттік санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова айтып берді

«Әрине, өкінішті жағдай, бірақ мұндай фактілер әлі де тіркеліп жатыр. Жаппай халық жиналатын шараларға тыйым салынса да, кей тұрғындар үйлену, қыз ұзату, туған күн өткізуді тоқтатар емес. Бұл инфекция жұқтыру мен оның таралу қаупін тудырады», - деді спикер Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте. 

Бас санитар мұндай мерекелік жиындарға басқа өңірлерден де қонақтар шақырылатынын атап өтті. 

«Әдеттегідей, бірнеше өңірден жиналған қонақтар қауіпті инфекцияны өз үйлеріне алып барады. Мұндай заңбұзу фактілері Алматы қаласында, Түркістан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Павлодар, Алматы облыстарында анықталды. Барлық мереке ұйымдастырушыларға айыппұл түрінде әкімшілік жаза қолданылды», - деді Айжан Есмағамбетова.

Хабарламаларға жазылу