Еліміздің осы мемлекеттегі елшісі Марат Тәжиннің өтініші бойынша бірқатар чех қалталылары Қазақстанға мед-құрал-жабдықтар, қорғаныш құралдарын сатып алды. Науқастарды емдеуде қолданылатын оттегі құрылғылары, тыныс алу аппараттары мен мед-бұйымдар бар. Қазақстанның Чехиядағы құрметті консулы Карл Долейши өз атынан мед-қызметкерлерге бірнеше қорғаныш костюмдерін сатып алған.