Елімізде коронавирус жұқтырған 306 адам ауыр жағдайда жатыр
Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрағасы Тимур Сұлтанғазиев коронавирус жұқтырып, жансақтау және анестезиология бөлімшелерінде ем алып жатқан науқастар туралы ақпарат таратты.
«Олардың саны – 306 адам. Ауыр жағдайда 265 сырқат, өте ауыр жағдайдағы 41 науқас бар. Өкпені жасанды желдету аппаратына 67 адам қосылған. Ал инвазивті емес тыныс алдырту аппаратымен 133 науқас жатыр. Бұдан бөлек, 106 науқас оксигенотерапияны алып отыр», - деді Сұлтанғазиев брифингте.
Комитет төрағасы сонымен қатар осы жарты жылдықта Қазақстанда пневмониямен 98 мың адам сырқаттанғанын мәлімдеді.
«Өткен жылмен салыстырғанда өсім 50 пайыздан жоғары», - деді ол.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Қайрат» - «Брюгге» матчын «Qazaqstan» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді
20.01.2026, 20:39
Президент: Тәуелсіздіктің 35 жылдығын нақты істермен атап өтуіміз керек
20.01.2026, 20:37
Қоғамдық-саяси жүйені жаңғыртуға бағытталған маңызды қадам
20.01.2026, 20:35
Шымкент қалалық департаментінің әрекетіне құқықтық баға беріледі
20.01.2026, 20:33
Президент ұлт саулығын саудаға салғандардың әрекетін сынға алды
20.01.2026, 20:29
Ұлт болашағын айқындайтын маңызды жобалар іске асырылады
20.01.2026, 20:27
Су дипломатиясы – стратегиялық міндет
20.01.2026, 20:21
Президент үш қалада ЖЭО құрылысын тездетуді тапсырды
20.01.2026, 20:20