Екі аптаға созылған аптап ыстықтан Батыс Қазақстан мен Ақтөбе облыстарында дала өрті өршіп тұр. Бірқатар елді-мекендер қызыл жалынның құрсауында қалған. Тілсіз жаумен күреске төтенше жағдайлар қызметінің өкілдері жұмылдырылды. Арнайы техникамен қатар арнайы тікұшақ та жалынды ауыздықтауға күш салып жатыр.
Рауан Диәлі