Қазақстан Тәжікстанға гуманитарлық көмек көрсетпек
Қазақстан Тәжікстанға портативті өкпені жасанды желдету аппараттарын жеткізуді жоспарлап отыр.
Бұл туралы Денсаулық сақтау вице-министрі Людмила Бюрабекова мәлімдеді.
«Қазақстан Үкіметі жыл соңына қарай Тәжікстанға портативті өкпені жасанды желдету аппараттарын жеткізуді жоспарлап отыр. Бұл аппараттар стационарда емес, жедел жәрдем бригадасында науқастарды тасымалдағанда пайдаланылады және оны Ақмола облысындағы кәсіпорын шығарады», - деді вице-министр.
Оның айтуынша, қазіргі таңда аталған кәсіпорын өндірістік қуатын арттырған. Олар портативті аппараттардан бөлек, түрік компаниясымен бірлесіп, елге қажет стационарлық өкпені жасанды желдету аппараттарын да шығаруды жоспарлап отыр. Өндіріс таяу арада жолға қойылады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысына ЮНЕСКО Бас директорынан хат келіп түсті
16.12.2025, 17:58
Мемлекет басшысы Қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады
16.12.2025, 17:57
Биыл 79 спорт нысаны пайдалануға берілді
16.12.2025, 17:26
Отпен арпалысқан өрт сөндіруші
16.12.2025, 17:24
Мәдениет саласына 14 жаңа қызметтік автокөлік табысталды
16.12.2025, 17:20
100% сапалы ауызсумен қамтылады
16.12.2025, 17:17
Кәсіпкерліктің көкжиегі кеңейіп келеді
16.12.2025, 17:14
Биыл Қарағанды облысында 25 инвестициялық жоба жүзеге асты
16.12.2025, 17:10