Кей санаттағы азаматтарға 42 500 теңге жәрдемақы автоматты түрде тағайындалуы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Кей санаттағы азаматтарға 42 500 теңге жәрдемақы автоматты түрде тағайындалуы мүмкін

14.07.2020
Кей санаттағы азаматтарға 42 500 теңге жәрдемақы автоматты түрде тағайындалуы мүмкін

Кей санаттағы азаматтарға 42 500 теңге жәрдемақы автоматты түрде тағайындалуы мүмкін.

Мәселені Еңбек және Цифрлық даму министрліктері өзара талқылау үстінде. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов мәлімдеді.

«Белгілі бір санаттағы азаматтардың атына «Өткен жолы әлеуметтік төлем алдыңыз. Жағдайыңыз сол қалыпта ма? Оны растайсыз ба? Сізге өтінішсіз төлем тағайындасақ, қарсы емессіз бе?» деп SMS-хабарлама жібереміз. Қарсы емеспін десеңіздер, жұма күннен бастап әлеуметтік төлем тағайындауға дайынбыз», - деді министр.

Хабарламаларға жазылу