Алексей Цой қыркүйекте барлық мектепте оқушыларды қашықтан оқытуды ұсынды

14.07.2020
Алексей Цой қыркүйекте барлық мектепте оқушыларды қашықтан оқытуды ұсынды

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой жаңа оқу жылында барлық орта мектепте балаларды қашықтан оқытуды ұсынды.

«Қазіргі уақытта елде коронавирус жұқтырғандар саны 60 мыңнан асты. Оның 1700-і – балалар. Мектепте дәстүрлі оқытуды бастау – балалар арасында ауру жұқтыру деңгейін арттырып, вирустың мектептен тыс та таралуына жол ашуы мүмкін. Жалпы, жыл сайын ЖРВИ-мен ауыратындардың 70 пайызы – 14 жасқа дейінгі балалар. ЖРВИ-дің маусымдық деңгейде артуы мен коронавирус инфекциясы бойынша жағдайдың күрделілігіне байланысты оқу жылының алғашқы тоқсанында аз комплектілі мектептерді есептемегенде, барлық сыныпты қашықтан оқыту жолдарын қарастырған дұрыс деп есептеймін», - деді министр Үкімет отырысында.

Хабарламаларға жазылу