Енді дәрігер кеңесін онлайн түрде алуға болады

10.07.2020

Енді дәрі-дәрмек алуға қажетті нұсқаулықты дәрігерлер онлайн түрде жазып, науқасқа Whats-App мессенджері арқылы жібереді. Ал дәрілік препараттарға қатысты өзге де сұрақтар болса, «Дәрілік заттарды рационалды қолдану» орталығының бірыңғай нөмеріне хабарласуға болады. 8 800 080 88 87 номерін терсеңіз, орталық қызметкерлері сізге міндетті медициналық сақтандыру бойынша қандай дәрі-дәрмектің тегін түрде берілетінін, дәрілік препараттардың денсаулыққа тигізетін әсерін түгел айтып түсіндіреді. Қоңырау шалу ел аумағы бойынша тегін. 

Назым Қайрат

Хабарламаларға жазылу