Енді дәрігерлерден тегін онлайн кеңес алуға болады

30.06.2020

Жаңа жүйе алғашқы медициналық көмек көрсету мақсатында жүзеге асырылып отыр. Әзірге Нұр-Сұлтан қаласындағы №10 және Шымкенттегі №5, Алматы қаласындағы №4 емхана қамтылған. Тегін кеңес алу үшін науқас «Айдоктор.кз» сайтындағы онлайн-кеңес бөліміне кіреді. Онан әрі тегін кеңес деген батырманы басады, сол жерге жеке сәйкестендіру нөмірін, телефон нөмірі мен электронды адресін жазу керек. Сонан соң керек дәрігерді таңдайды. Кезекке тұрады. Әрі қарай қабылдау уақытты болғанда смс хабарлама келеді. Медициналық кеңес алып болған соң қызмет көрсету сапасы мен маман туралы пікір қалдыруға мүмкіндік бар.  

Ақерке БЕРІКБЕК


Хабарламаларға жазылу