АҚШ-та долларды жаппай қайтарып алып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ-та долларды жаппай қайтарып алып жатыр

21.09.2017

АҚШ-тың Орталық банкі пайыздық үстемені өзгертпей, сол қалпында қалдырды. Яғни, оның мөлшері бұрынғыдай 1-1,25 пайыз болады. Сондағы мақсат – еңбек нарығын күшейтіп, инфляцияны 2 пайызға дейін жеткізу. Бұны Федералдық резерв жүйесінің басшысы Джаннет Йеллен мәлімдеді. Сонымен қатар, Федералдық резерв сенімді құнды қағаздарын банктерге сатып, 2008-2014 жылдары дағдарыспен күреске бөлінген 3,5 триллион долларды қайтарып алудан үмітті.

 

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу