Қазақстанда қауіпті инфекциядан 76 адам көз жұмды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда қауіпті инфекциядан 76 адам көз жұмды

07.07.2020

Соңғы бір аптада Қазақстанда қауіпті инфекциядан 76 адам көз жұмды. Ал осы уақытқа дейін елімізде 264 адам вирустың құрбаны болған. Денсаулық сақтау министрлігі/ өткен аптадан бері қаза болғандардың тізімін аптасына бір мәрте жариялап отыруды шешкен. Ал кеше ел бойынша ковид-19-ды жұқтырып алған 1 109 адам тіркелген. Сөйтіп, науқастар саны 50 мыңға таяп қалды. Олардың 16 мыңнан астамы жазылып шыққан.

Шерхан Жамбылұлы 

Хабарламаларға жазылу