Петропавлда шұлық фабрикасы ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Петропавлда шұлық фабрикасы ашылды

19.04.2019

Петропавлда шұлық фабрикасы ашылды. Отыз адам еңбек етеін кәсіпорында күніне 4 жарым мың жұп өнім шығарылады. Мемлекеттік бағдарламаның арқасында қарқын алған өндіріс нысаны жайлы Сағындық Сәбитұлы.

Галина  Лелюк-  шұлық фабриксына жұмысқа алынған отыз адамның бірі. Дайын өнімді сұрыптап,  қаптамаға салу --соның мойнында.

Галина Лелюк, жұмысшы:

17 жыл жұмыс істеген кәсіпорында  қысқартуға ілігіп,  жұмыссыз қалғанмын. Осында келгеніме 3 ай болды. Қазіргі жұмысым да, табысым да бұрынғы жерден жақсы.

Кәсіпорын толықтай жаңа құрылғылармен жарақтанған. Чехиядан әкелінген   станоктар толықтай автоматтандырылған.  Арнайы бағдарлама арқылы өнімнің түрі мен салынатын өрнегі енгізіледі. 

Сағындық Сәбитұлы, тілші:

Мына құрылғының ішінде 152 ине бар. Алдын-ала енгізілген бағдарлама бойынша осы станокқа тапсырма беріледі де, жіптерді тарту арқылы 152 ине бар-жоғы 3 минуттың ішінде шұлықты дайын қылып шығарады.  Ал мынаны ары қарай тігу басқа цехта атқарылатын жұмыс.

Жаңа ашылған кәсіпорынның алдынан кесе көлденең шығатын кедергілер де жоқ емес. Мәселен, мемлекеттік сатып алу порталындағы конкурстарда отандық өнімге басымдық берілмеуі- өндірістің өрісін тарылтып тұр. Соның кесірінен нарықты арзан әрі сапасыз, шетелдік өнімдер жаулап алған.

Арамаис Тер-Аствацатурян,  фабрика директоры:

125 лотқа қатысып, ұтылып қалдық. Өйткені, біз бағаны барынша түсірдік. Ал ұтып алғандар тіпті арзандатып жіберген. Арзан дүниенің сапасы да болмайтыны белгілі. Сондықтан сатып алушы кәсіпорындар конкурс өткізгенде сапасына мән бергенін сұрар едік.

Қазіргі күні фабрикада ерлерге, әйелдерге және балаларға арналған шұлықтың түрлі өлшемдегі 75 түрі шығарылады. Әзірге қаладағы сауда орындарында ғана сатылады, болашақта көрші мемлекеттерге шығаруды жоспарлап отыр. 

Сағындық СӘБИТҰЛЫ                         

Хабарламаларға жазылу