Бельгияда медиапортал ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бельгияда медиапортал ашылды

24.06.2020

Коронавирус әлемдік туризмді тұралатты. Қазірдің өзінде халықаралық туристердің саны 67 млн-ға қысқарып, туризм саласы 80 млрд доллар табыстан қағылған. Банкротқа ұшырау алдында тұрған қонақ үй, әуе компанияларға ақпараттық демеу көрсетіп, пандемиядан кейін саяхатты жандандыру мақсатында Бельгияда медиапортал ашылды. «Travel tomorrow»-деп аталатын агенттіктің жетекшісі Антонио Бускардинидің пайымынша, жаңа медиа портал тұрақты туризмді дамытуға ат салысып, әлемнің таңғажайып мекендері жайлы мақалалар, бейнематериалдар жариялап отырады. Ол пандемиядан кейін Қазақстанның таңғажайып жерлеріне де турист тартуды жоспарлап отыр. Журналист бұған дейін елордаға екі рет сапарлап, «ТВ5 Monde» телеарнасына арнайы хабар жасаған. 

Нұрсұлу ҚАСЫМ


Хабарламаларға жазылу