Алматыда спорт кешендері базасында инфекциялық стационар ашылмақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда спорт кешендері базасында инфекциялық стационар ашылмақ

23.06.2020

Алматыда коронавирусқа байланысты эпидахуал ушықса, «HalykArena» мен «Алматы Arena» спорт кешендері базасында инфекциялық стационар ашылады. Бұл туралы бүгін қалалық Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Камалжан Надыров айтты. Денсаулығы нашарлап, стационарларға келіп жатқандар күн сайын артуда. Төсек-орын тапшылығы бар. Қазір провизорлық орындар 90%-ға, ал инфекциялық төсек-орындар 95%-ға бос еместігін айтқан Надыров Сондай-ақ денсаулық сақтау басқармасының басшысы симптомсыз науқастарды енді емханаларда құрылған 72 мобильдік бригада қадағалайтынын атап өтті. Камалжан Надыров дене қызуы кішкене көтерілгені үшін міндетті түрде ауруханаға жатудың қажеті жоқ екеніне тоқталды.

Бүгінгі онлайн брифингте Қамалжан Надыров қаладағы бірнеше зертхананың түрлі себеппен уақытша істен шыққанын түсіндіріп өтті. Дегенмен, осы аптада жөнделіп, қайта жұмыс істейді деп уәде берді.

Жазира ОРАЗҚЫЗЫ


Хабарламаларға жазылу