Шымкентте 13 инфекциялық стационар жабылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкентте 13 инфекциялық стационар жабылды

16.09.2021

Шымкент қаласында індет жұқтырғандар азайып, ауруханадағы төсек орындар екі есеге қысқарды. Бүгінге дейін қалада 25 инфекциялық стационар жұмыс істеді. Эпидемиялогиялық жағдайдың тұрақталуына байланысты емдеу орталықтарының 13-і жабылды. Медициналық мекемелер қазір қалыпты жұмыс режиміне көшуде. Науқастар жоспарлы түрде бұрынғыдай ем қабылдай бастады. Қазір мамандандырылған инфекциялық стационарлардағы 2 мыңға жуық төсек орынның тек үштен бірінде ғана науқастар жатыр. Өткен тәулікте мегаполисте 122 адамның індет жұқтырғаны анықталды. Ал екпе салу бойынша шаһар өзге аймақтар арасында көш басында. Бүгінге дейін тұрғындардың 87 пайызы екпе алып үлгерген.

Лаура Нақыпқызы, Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы:
Инфекциялық стационарларда төсек-орындар қысқартылғанымен оларда дайындық барысы қалады. Өйткені індетті әлі толық жеңген жоқпыз. Сондықтан бізде жұмыс істеген 25 стационарда төсек орындар сол күйі қалады.


Хабарламаларға жазылу