Карантиннен зардап шеккен кәсіпкерлер банкке өтініш бере алады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Карантиннен зардап шеккен кәсіпкерлер банкке өтініш бере алады

23.06.2020
Карантиннен зардап шеккен кәсіпкерлер банкке өтініш бере алады

Шағын және орта бизнес субъектілері банктерге қосымша қолдау шараларын көрсету туралы өтінішпен жүгіне алады. Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова мәлімдеді.

«2020 жылдың 15 маусымында ШОБ субъектілеріне қосымша қолдау шараларын көрсету тәртібі бекітілді. 2020 жылдың 16 маусым мен 15 қыркүйек аралығында ШОБ субъектісі қосымша қолдау шараларын алу туралы банкке немесе микроқаржылық ұйымдарға өтініш жасауға құқылы. Несиелік ұйым әрбір кәсіпкер бойынша оның қаржылық жағдайын, төтенше жағдай мен карантиннің қаржысына әсерін және қаржылық жағдайын қайта құрудың перспективасын жеке бағалайды», - деді ол.

ШОБ субъектілерінің қаржылық жағдайы нашарлаған кезде несиелік ұйымдар қолдаудың екі бағытын ұсынады. Біріншісі - бұл уақытша қаржылық қиындыққа тап болған қарыз алушылардың несие бойынша төлемдерін кейінге қалдыру. Бұл шара бизнестің борыш жүктемесінің айтарлықтай өсуіне апарып соқпайды. Екіншісі - несиені жеңілдік берілген талаптармен кәсіпкерлік субъектілеріне қолдау көрсетудің мемлекеттік бағдарламалары шеңберінде қайта қаржыландыру. Бұл мүмкіндікті барлық ШОБ субъектілері, оның ішінде төлеу мерзімі шегерілген субъектілер пайдалана алады.

Хабарламаларға жазылу