Қостанайда карантин режимі қайта күшейді. Себебі, аймақта қауіпті дертке шалдыққандардың саны көбейіп, науқастар саны 500-ден асты. Короновирус жұқтырғандар тәулік ішінде 50 адамға дейін жетіп отыр. Мамандар бұған көпшіліктің қауіпсіздік шараларын ескермеуі себеп дейді. Мысалы осы уақытқа дейін жүргізілген рейдтер кезінде 300-ге жуық карантин талаптарын бұзу оқиғасы тіркелген. Сондықтан ертеңнен бастап барлық балабақшалар мен спорт кешендерінің жұмысы тоқтайды. Қоғамдық тамақтану орындарына тек дайын тағамды жеткізуге рұқсат етіледі.
Ал Сыр өңірінде карантин режимі енгізілгелі 4500-ге жуық кәсіпкерлік нысанға әкімшілік шара қолданылған. Бүгінде облыс бойынша адам көп шоғырланатын орындарда санитарлық талаптардың сақталуын бақылайтын 33 мониторингтік жұмыс істейді. Әйтсе де үлкен сауда орталықтарында карантин талабы жиі бұзылады. Санитарлық ара-қашықтық сақталмайды, бетпердесіз жүргендер де көп. Ескертуге құлақ аспағандар жазаланып жатыр. Бүгінде аймақта вирус жұқтырғандар саны 560-қа жетті. Мамандар эпидахуал әлі де тұрақсыз екенін айтып отыр.
Әділбек СЕРІКҰЛЫ