Елордада ертеңнен бастап барлық балабақша жабылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада ертеңнен бастап барлық балабақша жабылады

22.06.2020

Бұл туралы қаланың бас санитар дәрігері Жанна Пралиева хабарлады. Оның сөзінше, жеке және мемлекеттік мектепке дейінгі мекемелер жұмысын түгел тоқтатады. Аталмыш шара тәрбиешілердің жаппай вирус жұқтыруына байланысты жасалып отыр. Баласын қалдыратын жер болмаса, ата-ананың бірі қашықтан жұмыс істеу тәртібіне көшу керек. Ал бақшалардың қашан ашылатыны қаладағы эпидахуалға байланысты болмақ.

Сондай-ақ, ертеңнен бастап қаладағы емханаларда жоспарлы медициналық тексерістер мен науқастарды қабылдау тоқтатылады. Атап айтсақ, скринингтер, жоспарлы стамотологиялық қызметтер, күндізгі стационардағы ем-шаралар уақытша жүргізілмейді. Мамандардың консультациялық қызметтері онлайн форматқа ауысады. Диспансерлік есепте тұрғандарға дәрі-дәрмек үйлеріне жеткізілетін болады. Халықты вакцинациялау және жүкті әйеледердің тексерістері жоспарлы түрде жалғасады. Емханалар тек ауыр жағдайда шұғыл жеткізілген науқастарды қабылдауға ғана әзір.

Фариза МҰСАҚЫЗЫ


Хабарламаларға жазылу