Жануарларды қорлағандарға қатысты жаза күшейтіледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жануарларды қорлағандарға қатысты жаза күшейтіледі

19.06.2020

Соңғы уақытта жануарларды қорлау әрекеттері көрсетілген бейнематериалдар ғаламторды жаулап барады. Бұл мәселе биліктегілердің де назарына ілігіп, депутаттар жаңа заң жобасын әзірлеу қажеттігін айтты. «Жануарларға жауапкершілікпен қарау» деген атаумен ұсынылған жоба жабайы хаюанаттар мен үй жануарларына қамқорлық таныту, адамдардың оларға қиянат жасауына жол бермеу бағытында жасалған.

 Бұл ретте, тиісті министрлік депутатардың ұсынысын құптап, жаңа заң жобасын әзірлеуге кірісіп кетті. Әзірге оның нақты қандай болатыны белгісіз. Бірақ жәбірлеушілерге қатысты жаза күшейетіні сөзсіз.

Айта кетейік, қазіргі қолданыстағы заң бойынша ветереинариялық талаптарды сақтамағаны үшін 20 мен 200 АЕК аралығында айппұл қарастырылған. Сондай-ақ жануарларды қасақана қорлауға қатысты ең көп дегенде 500 мың теңге көлемінде айыппұл ғана салынады.

Фариза МҰСАҚЫЗЫ


Хабарламаларға жазылу