Аягөзде болған дауылдың салдарынан жарықсыз отырғандар бар - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Аягөзде болған дауылдың салдарынан жарықсыз отырғандар бар

19.06.2020

Шығыс Қазақстанның Аягөз ауданында болған қатты дауылдың салдарынан жарықсыз отырған тұрғындар әлі бар. Табиғи апаттың зардаптарын жою жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қазір аймақ құлаған ағаштар мен шатырлардың қирандыларынан тазартылу үстінде. Әкімдік өкілдерінің айтуынша, мамандар істен шыққан желілерді қалпына келтіруге үлгермей жатыр. Бірақ жарық қашан толық берілетіндігі белгісіз. Облыс әкімі ауданда табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялаған. Табиғи апат салдарын бір аптаның ішінде жоюға тапсырма берілген. Еске салайық апта басында Аягөзде жойқын дауыл тұрып елді әбігерге салған еді. 7 адам түрлі дене жарақатын алып дәрігерлер көмегіне жүгінген. Қатты желден бірнеше ондаған үйге зақым келді. 8 әкімшілік ғимарат бүлінді. 4 мыңдай тұрғын жарықсыз қалған болатын. 16-маусымнан бері Мамырсу ауылында 300 абонент электр жарығынсыз отырған. Аягөз қаласында да кей үйлерге жарық берілмеген.


Хабарламаларға жазылу