Елбасыға бірқатар елдердің басшыларынан жеделхат келді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елбасыға бірқатар елдердің басшыларынан жеделхат келді

19.06.2020

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа бірқатар елдердің басшыларынан жеделхат келді. Ресей Президенті Владимир Путин Тұңғыш президенттің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірген. «Мен сізге осы қиын сәтте қолдау білдіргім келеді. Сіздің ерекше өмірлік энергияңыз бен сергектігіңіз қысқа мерзімде вирусты жеңуге көмектеседі деп сенемін. Толық айығып кетуіңізді тілеймін. Деніңіз сау болсын» делінген жеделхатта.

 Сондай-ақ, Түркия Президенті Режеп Ердоған Елбасына жеделхат жолдап, өзінің және барша түрік халқының атынан тезірек сауығып кетуін тіледі. Жеделхатта: «Сырқаттанып қалғаныңызды естідім. Алладан шипа беруін тілеймін. Күрестерді үнемі жеңіспен еңсердіңіз, бұл сынақты да артқа тастайтыныңызға кәміл сенемін » деп жазылған.

 Өзбекстан басшысы Шавкат Мирзиёев те Нұрсұлтан Назарбаевтың вирус жұқтырғаны туралы хабарды үлкен алаңдаушылықпен қабылдағанын айтып, жеделхат жіберді. «Сізге жан-жақты қолдау көрсетуге, жаныңызда болуға дайын екенімді жеткізгім келеді. Жақын арада бұл вирусты жеңіп, сауығып кететініңізге сенімдімін. Алла Тағала сізге зор денсаулық, күш-қуат, ұзақ ғұмыр және жаңа табыс берсін. Жақында өзіңізбен жүздесу мүмкіндігі туады деген үміттемін»,-делінген жеделхатта.


Хабарламаларға жазылу