Әлем елдерінің президенттері Елбасының саулығын тілеуде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлем елдерінің президенттері Елбасының саулығын тілеуде

19.06.2020

АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Майк Помпео Елбасыға денсаулық тіледі. Ол твиттер желісінде «Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың COVID-19 вирусынан толықтай айығып кетуін тілеймін. Бұл - аса қиын кезең. Бірлесіп осы ауруды жеңетінімізге сенемін. Сауығып кетіңіз! Аман болыңыз!»,- деп жазды. Сондай-ақ Израиль президенті Реувен Ривлин де Елбасыға денсаулық тіледі. Ол: «Қазақстанның Тұңғыш Президентінің тезірек сауығып шығуына тілектеспіз. Екі ел жақсы қарым-қатынасын жалғастырады», - деп жазды. Үндістанның премьер-министрі Нарендра Моди де әлеуметтік желіде Елбасымызға жазба арнады. «Назарбаевқа деген тілегім ізгі. Тезірек жазылыңыз, зор денсаулық тілеймін. Біз стратегиялық әріптесіміз Қазақстанды коронавирус пандемиясымен күресте қолдаймыз», - деп атап өтті.


Хабарламаларға жазылу