Қазақстандық жерсеріктер 1 жылда 5,4 миллиард теңге пайда әкелді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандық жерсеріктер 1 жылда 5,4 миллиард теңге пайда әкелді

01.03.2019

2019 жылы бұл көрсеткіш шамамен тағы 1 миллиард теңгеге өседі деген жоспар бар. Республикалық ғарыштық байланыс орталығы құрылғаннан бергі 15 жылдың ішінде қандай жетiстiктерге қол жеткізді?

Қазақстанды байланыстың барлық түрiмен қамтып отырған 2 жерсерiк осы жерден басқарылады. Сiзбен бiз күнделiктi пайдаланатын теледидар, телефон, интернет желiлерiнiң сигналы да осы қалқандардың кɵмегiмен жұмыс iстеп тұр.

Оңғар Алпыбайұлы, тiлшi :

- Мына құрылғының биiктiгi шамамен 9 метр. Бұлар арқылы «ҚазСат-2» жəне «ҚазСат-3» спутниктерi басқарылады. Шамамен 39 мың шақырым қашықтықта жерсерiк орналасқан. Бұл – «ҚазСат-3». Секундына 3 шақырым жылдамдықпен ұшып, Жермен бiрге қозғалады. Осылайша ол Қазақстанның барлық аймағына сигнал таратып тұр.

Ғарыштағы ауа температурасының ауытқуы, радиация, тартылыс күшi, ɵзге ғарыш денелерiнiң қозғалысы барлығы осы ғимаратта қадағаланады.

Дидар Зарқұмов, Ғарыштық байланыс орталығының жетекші инженері:

- Қазіргі кезде ғарыш аппараттарымыз бүкіл Қазақстанның территориясын және көршілес Орталық Азия мемлекеттерін қамтуда.

Қос спутник те ɵзiндiк құнын ақтап болған. Қазiр бюджетке пайда əкелiп жатыр. Ендiгi кезекте кiрiстi еселеу жолдары қарастырылуда.

Виктор Лефтер, Республикалық ғарыштық байланыс орталығы президентінің кеңесшісі:

- Қырғызстан, Ɵзбекстан, Ресеймен келiссɵздер жүргiзiп жатырмыз. Бəрi ойдағыдай болса, аталған елдердiң операторларына қызметiмiздi жалға беремiз. Бұл біз үшін барлық жағынан тиімді болады.

2023 жылы «ҚазСат-2»-нiң ресурсы аяқталып, iстен шығарылады. Оның орнына «ҚазСат2R» жерсерiгi ғарышқа ұшырылмақ. Жаңа спутниктiң мүмкiндiгi бүгiнгiден бiрнеше есе жоғары болады.

Оңғар АЛПЫСБАЙҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу