Қазақстанда бір апта ішінде коронавирусқа қарсы жаңа шаралар дайындалады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда бір апта ішінде коронавирусқа қарсы жаңа шаралар дайындалады

19.06.2020
Қазақстанда бір апта ішінде коронавирусқа қарсы жаңа шаралар дайындалады

Бүгін Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин бір апта ішінде коронавирус инфекциясының таралуына қарсы күрес бойынша жаңа шараларды дайындауды тапсырды.

«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша, Ведомствоаралық комиссияның кешегі шешімімен алдағы демалыс күндері бірқатар ірі қалаларда және тұрғындарының саны 50 мыңнан асатын барлық өңірлердің елді мекендерінде қосымша шектеу шаралары енгізілді. Бұл шешім нақты орындалуы қажет. Әкімдіктер санитарлық нормалар мен қоғамдық жерлерде әлеуметтік арақашықтықтың қатаң сақталуына ерекше назар аударуы тиіс. Денсаулық сақтау министрлігіне әкімдіктермен бірлесіп, коронавирус инфекциясының таралуына қарсы күрес бойынша жаңа шаралар кешенін бір апта ішінде дайындауды тапсырамын. Әрбір өңірдегі жағдайды ескере отырып, іске асырылатын шараларды өзгерту бойынша жедел шаралар қабылдансын», - деді Үкімет басшысы.

Хабарламаларға жазылу